Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова биыл желтоқсан айында қайта жасақталған мемлекеттік "Гүлдер" ансамблі өнер көрсететінін хабарлады.

Ақтоты Райымқұлованың сөзінше, ансамбльге Қазақ хореография академиясының түлектері арасынан талантты жастар алынып жатыр. Сондай-ақ, танылыны үлгерген әншілер қатарынан Әmre мен Рухия Байдүкенова ансамбльге мүше болатыны белгілі.

"Елорданың белді әншілері "Гүлдер" ұжымына қосылып жатыр. Бұл ұжымнан Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова секілді танымал әншілер шықты. Олар өнер жолын осы "Гүлдерден" бастаған. Жаңа құрамда Әmre, Рухия Байдүкенова секілді жас әншілер болады деп жоспарлап жатырмыз", – деді Ақтоты Райымқұлова.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар сахнада өнер көрсетеді