Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды
Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды", – деп жазылған хабарламада.
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысын 2020 жылдың қаңтарынан бастап басқарып келген. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Оның орнына облыс әкімінің міндетін атқарушы болып Олег Крук тағайындалды.