Адам өлтіргені үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда.Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас проуратураның баспасөз қызметі.
2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағышұңқырға көмген.
"Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда", – делінген хабарламада.
Осы қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.