Мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін бірқатар азамат марапатталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 
 
 II дәрежелі "Айбын" орденімен:
 
1. Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі;
2. Долдаев Дамир Талғатұлы  – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды 
істер бойынша аға тергеушісі;
3. Садықов Орал Жексенғалиұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы.

 III дәрежелі "Айбын" орденімен:
 
1. Баймұратов Думан Қайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
2. Қасымов Ілияс Ерғазыұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
3. Никифоренко Иван Юрьевич  – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
4. Смайылов Рустам Қадырұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

"Ерлігі үшін" медалімен:
 
1. Ақағалиев Ермек Жеңісұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
2. Әубәкіров Талғат Жұмақанұлы – "Целинное" ЖШС директоры, Абай облысы;
3. Белгібаев Бахтияр Станұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
4. Ермеков Мұхамед-Шәріп Әбсағитұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
5. Жиренов Бекболат Маратұлы–Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған тобының бөлімше командирі; 
6. Кенжебаев Ертай Мирамұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 16 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
7. Күдербеков Болат Оралұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
8. Қабдулин Арман Жанатбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 
9. Мұхамет Мұрал Мұхаметұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
10. Нұрмұхамбетов Бақытжан Нұрмұхамбетұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
11. Сайдулаев Гилани Умарович – "Восток лес индустрия" ЖШС директоры, Абай облысы;
12. Хурай Өркен – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері.
 
 "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:
 
1. Жанғазинов Талғат Ағыбайұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
 
1. Алексеев Алексей Владимирович  – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Бөкебай филиалының Бөкебай орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;
2. Лебединский Александр Петрович – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің басшысы.