Абай облысында көне қала табылды
Үржар ауылына жақын орналасқан қала XII-XIII ғасырларға тиесілі болуы мүмкін.Абай облысында көне қала табылды, деп хабарлады Semeynews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Үржар ауылына жақын жерде орналасқан көне қала XII-XIII ғасырларға тиесілі болуы мүмкін. Археологтар оның Ертіс маңындағы 12 қаланың бірі екеніне болжам жасап отыр.
"Көне қала Алакөл көлінің жанында орналасқан. Келешекте ол туристік нысандардың біріне айналуы мүмкін", – деді археолог Ерден Оралбай.
Оқи отырыңыз: Байжансай. Бес отбасы тұратын қала