Алматыда Абай облысындағы өрттен зардап шеккендер тұрғындар үшін гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды. Бұл туралы қалалық жастар саясаты басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қабылдау пункті Байтұрсынов көшесі, 22к1, 1 қабат мекенжайында орналасқан еріктілердің фронт-кеңсесінде орналасқан. 

"Гуманитарлық көмекке кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажетті азық-түліктер, сондай-ақ, көрпелер, ұйықтайтын сөмке, тыныс алу маскалары, термос, қол шамы, қуаттауыштар, жөргектер, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары, қажетті өнімдер (консервілер, печенье және т. б.), бір рет қолданылатын ыдыс, су және т. б. беруге болады" – делінген хабарламада.

Қабылдау пункті сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Еріктілер штабының жұмысына "Қазақстан еріктілер лигасы" ҚҚ, "Qamqor Charity" ҚҚ, "Медицина жастары" РҚБ және т.б. сияқты ірі еріктілер ұйымдары жұмылдырылған.

Айта кетейік, сұрақтар бойынша байланыс нөмерлеріне +7 747 821 64 78;   +7 747 540 01 40 хабарласуға болады.