Ең жауапты мамандық өкілдеріне медальдар мен грамоталар табысталып, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтылды.

Әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жақында ғана аталып өткен болатын. Осы орайда адамдарға жылулық пен қамқорлық сыйлап, жалғызбасты және қарт адамдарға, ерекше жандарға әрқашан көмек қолын созатын азаматтарға ерекше алғыс айтамыз.

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова өңірдің әлеуметтік жүйесінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда 2700-ден астам адам жұмыс істейтінін атап өтті. Әлеуметтік қорғау жүйе қызметкерлері зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ардагерлер, мүгедектігі бар азаматтар және балаларды қамтитын әлеуметтік қорғалмаған 180 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Абай облысы әкімінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев салтанатты жиында әлеуметтік қорғау саласындағы көп жылғы еңбегі үшін мамандарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық наградаларын және облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Іс-шараға облыстағы әлеуметтік қорғау саласының 300-ден астам қызметкері, облыстық департаменттер мен басқармалардың өкілдері қатысты.


Оқи отырыңыз: "Қайсарлығы үшін": Семей орманы өртінде табанды болған мамандар марапатталды


Сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыстары көрсетілетін қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.