Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасы нарығындағы сауда-саттық аяқталды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 536,76 теңге болып, 1,67 теңгеге өсті. Ұлттық банктің 9 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 535,13 теңге.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттері долларды орташа есеппен 537,55 теңгеден сатып алып, 539,48 теңгеден сатып жатыр. Еуро 629,51–633,66 теңге, ал рубль 6,38 - 6,51 теңге аралығында.

Астанада америкалық валюта 536,00 теңгеден сатып алынып, 541,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 627,00-637,00 теңге, ал рубль бағамы 6,40–6,55 теңге аралығында.