Павлодарда Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлады @Pavlodarnews.kz.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Павлодар облыстық филиалының мәлімдеуінше, жыр бәйгесіне жас ақындар қатысады.

"Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған  "Ақынның сыйлығынан – сөзі қымбат" атты ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына 12 жас ақын қатысады", – делінген филиал хабарламасында. 

9 қыркүйек күні өтетін жыр додасына Бексұлтан Қайдар, Гүлшекер Батай, Оразбек Саяхат, Нұрқанат Қайрат, Бөкен Жігер, Ерлан Аманқожа, Нұрбек Бәкір,  Қайролла Хафиз,  Қазбек Ибархим, Алпысбай Хонж, Нұрсұлтан Рымбай және Мизан Жұмалі қатысады.

Айтыс 9 қыркүйекте сағат 11:00-де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтеді.


Оқи отырыңыз: "Айтыстың мазмұны жасарып келе жатыр". Ақын Жүрсін Ерманмен сұхбат