818 талапкер "Қазақстан халқына" қорының грант иегері атанды
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры "Қазақстан халқына" білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 818 білім беру грантын тағайындады."Қазақстан халқына" қоғамдық қорының мәліметінше, грант бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 10-19 тамыз аралығында жүзеге асты. Бағдарламаға барлығы 84 ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты.
Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы және 40 000 теңге көлемінде стипендия төленеді. Білім беру гранттары бүкіл оқу кезеңіне беріледі. Стипендия жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді. Гранттың артықшылықтарының бірі – "пысықтау" бойынша талаптың болмауы.
Оқи отырыңыз: 10 тамызда "Қазақстан халқына" қорының білім гранттарына өтініш қабылдау басталады. Оны алу үшін не істеу керек?
Білім беру гранттары талапкерлерге Бағдарламаның келесі критерийлері бойынша берілді:
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан – 197 талапкер немесе 24,1%;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 177 талапкер немесе 21,6%;
- мүгедектігі бар – 181 талапкер немесе 22,1%;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан – 261 талапкер немесе 31,8%;
- 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балалары – 2 талапкер;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар – 1 талапкер.
Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қоры "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 66,6 млрд теңге аударады.
Гранттардың басым келесі мамандықтар бойынша тағайындалған: «мұғалімдерді даярлау» мамандығы бойынша – 130 талапкер, "қазақ/орыс тілі мен әдебиеті", "шет тілдері" мамандығы бойынша – 67 талапкер, "құқықтану", "құқық", "құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша – 50 талапкер берілді.