Бүгін, 20 маусымда Астанада Байқоңыр ауданының № 2 сотында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот отырысы аяқталды.

"Кінәлі деп танылған Арыстанбек Мұхамедиұлына мүлкін тәркілемей 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін" – делінген хабарламада.  

Мұхамедиұлы мемлекеттік наградалар "Парасат" және "Құрмет" ордендерінен де айырылды.

Бұл іс бойынша басқа айыпталушылар Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов және Айым Сәдуақасоваға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.