Астана қаласының әкімдігі мереке күні болатын шаралар тізімін жариялады.

6 наурыз күні Е. Рахмадиев атындағы филармония залында сағат 19:30-да “Жігіттер” тобының 20 жылдық мерекелік концерті өтеді. Осы күні «Астана Опера» Опера және Балет театрында Халықаралық әйелдер күніне орай "Нұра" ауданы әйелдер қауымына арналған "Ты – моя мелодия" меркелік концерті, "Наз" Мемлекеттік би театрында "Ару ғұмыр" концерті ұйымдастырылады.

7 наурыз күні Е.Рахмадиев атындағы филармонияда сағат 19:30-да Нұрболат Абдуллиннің жеке концерті өтеді.

8 наурыз күні сағат 18:00-де М.Горький атындағы МАОДТ сахнасында "Восемь любящих женщин" қойылымы, Музыкалық жас көрермен театрында сағат 14:00-де және 19:00-де "Гауhартас" қойылымы, сол сияқты Жастар театрында сағат 19:00-де Театрландырылған концерттік бағдарлама "Махаббат миниатюралары" жоспарланып отыр.

8 наурыз күні сағат 19:30-да Е.Рахмадиев атындағы филармонияда "Тоқтар мен Бейбіт: жаңа бағдарлама" концерті, ал 9 наурыз күні сағат 19:00-де Конгресс-центрде әнші Innaның жеке концерті өтеді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық кәсіпкер әйелдер халықаралық байқаудың шорт тізіміне енді


9 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 19:30-да Алишер Каримовтың жеке концерті өтеді. Ал сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы филармонияда "Шымкент Шоу" әзіл-ысқақ театрының мерекелік концерті өтеді.

10 наурыз сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы филармонияда Қуандық Рахым мен Альбина Шардарованың "Болайық бірге" атты концерті ұйымдастырылады.

Мереке қарсаңында елорданың барлық ауданында "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтеді.