Абай облысы Бородулиха ауданында орман ағаштарын заңсыз кесу фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орман қорына заңсыз қол сұғу деректері белгілі болды. Атап айтқанда, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен "Ертіс орманы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары Успенка және Поднебесное елді мекендерінің жайылымдық алқаптарына заңсыз дайындалған ағаш материалдарын орналастырған.

"Аталған жер учаскелері "Ертіс орманы" мекемесіне ресми түрде пайдалануға берілмеген. Заң бұзушылыққа жол берген екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар Новошульба филиалына қарасты Успенка орманшылығы аумағында "қарағай" тұқымдас 92 ағаш заңсыз кесілгені анықталды. Заңсыз кесу аумағы 96,7 шаршы метрді құраған. Келтірілген материалдық залал көлемі 760 мың теңгеден асады", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.