2024 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 1,049 триллион теңгеге 76 106 қарыз берілді.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қалалар арасында ипотека бойынша көшбасшылар:

  • Астана – 440,6 млрд теңгеге (919,3 млн доллар) 27 728 несие;
  • Алматы – 245,6 млрд теңгеге (512,4 млн доллар) 15 630 несие;
  • Шымкент – 71,4 млрд теңгеге (148,9 млн доллар) 5 636 несие.

Еске салайық, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының шарттары қандай:

  • мөлшерлемесі - 7%;
  • бастапқы жарна – қамтамасыз ету құнының 20 пайызынан;
  • несиенің максималды сомасы кепіл құнының 80% құрайды;
  • кепіл – сатып алынған тұрғын үй;
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін.