68 мың жеке тұлғаның 3768-інің ғана банкроттық туралы өтінімі мақұлданды
Азаматтардың жалпы қарыз сомасы –111 миллиард теңгеге жуық.Несиесін кешіруді қалайтындардың көбі Түркістан облысының азаматтары. Банкроттық жарияламақ болғандардың 14,6%-ы осы өңірден. Одан бөлек, Алматы облысынан 11,8% және 8% өтініш Алматы қаласынан түскен, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Әзірге тек 3768 жеке тұлғаның банкроттық туралы өтінімі мақұлданды. Ведомство өкілдері мемлекеттік орган мен сот азаматтарды банкрот деп тану үшін жарты жыл уақыт кететінін айтты.
Айта кетейік, несиелік ұйымдардағы кемі 5,5 миллион теңге қарызын бір жылдан аса уақыт бойы төлей алмай жүрген азаматтар банкорттыққа өтінім бере алады.