Алматыда 6 қарашадан бастап Медеу мұз айдынына экспресс автобустар жүре бастайды, деп хабарлайды қаланың мобильдік басқармаcы.

"№ 9 маршрут өз қозғалысын Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайының жанындағы аялдамадан бастайды. Сондай-ақ, Мұзтау ауданындағы "Алатау" қонақ үйінің алдында аялдама болады. Автобустар таңертең сағат 09.00-ден бастап кешкі сағат 19.00-ге дейін жүреді", – делінген хабарламада.

Жолақысы 200 теңге болады.

Еске салсақ, бүгін "Медеу" мұз айдынында мәнерлеп сырғанау маусымы ашылды.