6 қазан мен 8 қараша аралығында Green Card аталатын DV-2024 лотереясына өтінім беруге болады. Өтінімдер АҚШ мемлекеттік департаментінің Консул істері бюросының ресми сайтында қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерге бірқатар талаптар қойылады. Мәселен, бір үміткер тек бір өтінім жібере алады. Егер кездейсоқ екі өтінім жіберілетін болса, олар мүлде қаралмайды.

Сондай-ақ, үміткердің паспорты болуы тиіс және өтінімді ағылшын тілінде сауатты толтыруы қажет. Ал фотосуреті 6 айдан ескі болмауы шарт. 

DV-2024 лотереясының нәтижесі 2023 жылдың мамыр айында белгілі болады. "Грин Карта" иесі АҚШ-қа жұбайы және балаларымен бірге (21 жастан аспаған) қоныс аудара алады.

Green Card алудың шарттары туралы төмендегі сілтеме бойынша өтіп оқуға болады:


Оқи отырыңыз: Как воплотить американскую мечту и получить грин-карту?