5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Ұлттық банктің ресми бағамы — 522,49 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,2 теңгеге қымбаттап, 524,94 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 522,49 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,27 теңгеден сатып алынады, 528,20 теңгеден сатылады. Еуро 602,85 — 607,63 теңге, ал рубль 6,40 — 6,52 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 523,63 теңгеден сатып алынады, 530,63 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 601,63 теңге, сату — 611,63 теңге. Ал рубль 6,40 — 6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.