45 градус ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +41°С дейін жоғарылайды."Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батыс және оңтүстік аймақтарына Еуропа аудандарынан біртіндеп антициклон келуіне байланысты жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +41°С дейін, оңтүстік-батыста +40+45°С дейін жоғарылайды, қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.