42 градусқа дейін ыстық: 25 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның барлық дерлік өңірінде 25 шілдеде күн күркіреп, қатты ыстық, шаңды дауыл мен екпінді жел болжанып отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астанада найзағай, 15-20 м/с екпінді жел, жоғары өрт қаупі.
Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін. Жекелеген тұстарда тұман түседі, өрт қаупі жоғары болады.
Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында да найзағай күтіледі, +35…+36°C аптап ыстық пен жел болжанып отыр.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында +38…+42°C-қа дейінгі аптап ыстық, шаңды дауыл мен жел күтіледі. Өрт қаупі – аса жоғары.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 3,5 мыңнан астам волонтер заңгер, адвокат, нотариус тегін құқықтық көмек көрсетеді
Кызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау өңірлерінде бұршақ, шаңды дауыл, найзағай мен желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Актауда, Кызылордада, Атырауда өрт қаупі ерекше жоғары.
Алматы мен Шымкентте +40°C-қа дейін аптап ыстық сақталады.