+42 градус: Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады
Еліміздің батысында +35+42 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі."Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 2, 3 және 4 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең циклон әсер етеді: найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады және қатты жел соғады деп күтіледі.
Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: күндіз солтүстік-батыста 28-35 градусқа дейін, солтүстікте 20-28 градусқа дейін, орталықта 22-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 33-38 градусқа дейін.
Еліміздің батысында +35+42 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.