41 градус ыстық: 4 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірде 38-41 градус аптап ыстық болады.Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күні жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, ал күндіз Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39 градус ыстық болса, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында 40-42 градус ыстық болады.
Оқи отырыңыз: Қырғызстан азаматтарының Қазақстанда болуына рұқсат етілетін мерзім 3 есе ұзарады