40 миллион теңге ұрлады: Алматы облысында қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды
Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат ұрланды.8 қазанда Жамбыл ауданы үш қарулы адам Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Алматы облысы Полиуия департаменті бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде үш күдіктіні ұстады.
"Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы “Қарақшылық” бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Оқи отырыңыз: Шымкентте мешітте намаз оқушының телефонын қолды қылған ұрлықшы ұсталды.
Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.