4 миллион теңге: Алматыда пара туралы хабарлаған алты азаматқа сыйақы берілді
6 азаматқа 4 млн 486 мың теңге сомасында сыйақы берілген.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті биыл пара туралы хабарлаған алты азаматқа 4 млн 486 мың теңге сомасында сыйақы берілгенін хабарлады.
Сыйақының ең көбі - пара сомасының 10 пайызы, яғни 3 млн. 745 мың теңге болған.
"Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен (3 млн. 692 мың теңге) аспайтын хабарлама үшін сыйақы 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (110 760 теңгеден 369 200 теңгеге дейін) беріледі. Көрсетілген сомадан жоғары болса – сыйақы параның 10%-ына тең болады, бірақ 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет (14 млн. 760 мың теңге)", – деп хабарлады депараменттен.
Оқи отырыңыз: "Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикадан арылу". Жалпыға бірдей декларация не үшін қажет және оны қалай тапсырамыз?
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың байқаусызда куәгері болған азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келесі тәсілдердің бірімен жүгіне алады:
- Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 15 мекенжайы бойынша департаментке өтініш жазу;
- "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі арқылы өтініш қалдыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласу.