Алматыда 37 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған көліктер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыппұл төлемегендер тізімінде көшбасшы атанған шетелде тіркелген Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі болып тұр. Ол 7 миллион теңгеден астам сомаға жол қозғалысы ережесін бұзған. Алайда айыппұлының ешқайсысын төлемеген.

Құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидаттарын және құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы полициясы тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Одан кейін құқық бұзушының көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылады.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес келген жері бойынша тәркілеу туралы хаттама толтырылады. Көлікті айыппұл тұрағынан босату тек айыппұлды толық өтегеннен кейін ғана жүзеге асырылады", – деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметінің жедел іздестіру бөлімі.