3500-ден астам туындысы бар оркестр тау баурайында шығармаларын орындады
Оркестр әлемнің 80-ге жуық елінде өнер көрсеткен.Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі тау баурайында, Аюсай визит-орталығына іргелес аумақта толық құрамда ойнады.
Шатқалға келген 500-ден астам көрермендер мен тыңдаушылар үшін еркін кіріп-шығу ұйымдастырылды, сондай-ақ, Үлкен Алматы шатқалына бұрылудан бастап Аюсай визит-орталығына дейін және кері қайтатын тегін автобустар жүріп тұрды.
Құрманғазы атындағы оркестрдің ғасырлық тарихы бар, оның репертуарлық қорында 3500-ден астам туынды бар. 81 талантты музыканттардан тұратын оркестр ұжымы жас дирижер Абылай Тілепбергеннің жетекшілігімен еңбек етіп, қазіргі уақытта әлемнің 80-ге жуық елін аралап шықты.
"Біз ұйымдастырушылардың қазақ композиторларының сүйікті шығармаларын біздің тау баурайымызда тікелей орындау туралы ұсынысына еш ойланбастан келістік. Бұл музыка керемет табиғатымызбен тамаша үйлеседі ғой", – деді концерт басталар алдында оркестрдің дирижері Абылай Тлепберген.
Оркестр Құрманғазы, Дәулеткерей, Шәмші Қалдаяқов, Жорж Бизе, Арам Хачатурян және т.б. көрнекті қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармаларын орындады.
Оқи отырыңыз: Бақыт Оразымбетова: Қазақстанда Шоқан Уәлиханов маршрутын ұйымдастыру қажет
Концерт соңында музыканттар Нұрғиса Тілендиевтің атақты "Махамбет" туындысын белгілі қоғам қайраткер Батыр Қазыбаевты еске алуға арнады.
"Біз бұл концертті Іле-Алатау ұлттық паркіне арнауды жөн көрдік. Іле-Алатау ұлттық паркі – біздің тауларымыз бен парк қызметкерлеріміздің керемет сұлулығы, олар осы сұлулықты біз және балаларымыз бен немерелеріміз үшін сақтайды. Біз музыка арқылы өз сүйіспеншілігіміз бен ризашылығымызды білдірдік, өйткені музыка, табиғат сияқты, бізді біріктіреді және шабыттандырады", – деп атап өтті визит-орталықтың басқарушы директоры Сәуле Мусина.
Ашық аспан астындағы концертке келген көрермендер үлкен әсер алғанын бөлісті.
"Осындай шығармашылықтарыңызбен бөліскендеріңіз үшін көп рахмет. Ашық алаңда, таулы жерлерде халық аспаптарының үні таң қалдырды. Табиғатпен, музыкамен бірге болдық, осы ретте барлығы шынайы және үйлесімді болды", – деді Айдана Ахметова.
Оқи отырыңыз: 7 адамның құшағы әрең жететін ағаш. Шарын ерен тоғайынан фоторепортаж
Концертті QazaqGeography РҚБ және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Іле-Алатау ұлттық паркінің қолдауымен Аюсай визит-орталығы ұйымдастырды.