+35 градус: елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі."Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 29, 30 маусым және 1 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер болады.
Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі.
"Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында +18+28 дейін, шығыста +20+35 дейін, оңтүстікте +23+33 дейін, оңтүстік-шығыста +16+33 градусқа дейін түседі, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген хабарламада.