31 қазандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,07 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге қымбаттап, 530,47 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,07 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 530,20 теңгеден сатып алынады, 532,30 теңгеден сатылады. Еуро 613,23 – 617,70 теңге, ал рубль 6,48 – 6,60 теңге аралығында саудаланады.
Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 528,51 теңгеден сатып алынады, 534,49 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 611,64 теңге, сату - 618,81 теңге. Ал рубль 6,44 - 6,59 теңге аралығында саудаланып жатыр.