31 арна жаңа "Қалауым" реалити-шоуын ұсынады
4 наурыздан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 17.00-де тікелей эфирде бұған дейін еш жерде баламасы болмаған, ерекше шоу көрермендерге жол тартады.Бағдарлама жетекшілері бұл жобаның ұлттық менталитетімізге сай, дәстүрлі құндылықтар мен ұстанымдарымызды қалыптастыратын шоу болатындығына уәде береді.
Жобаға ақылына көркі сай, білімі мен білігі артқан 20 ару мен жоспары айқын, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер қатысады. Көрермендер ашық әңгіме, тартымды романтика мен қызғаныш, эмоцияға толы сырласудың куәгері болады.
Кімнің бағы жанар екен? Болашақ жарының бойынан қандай қасиеттерді іздейді? Жұптық қарым-қатынасқа қаншалықты дайын? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын бағдарламаға арнайы эксперт болып келген мамандар бірге талқыға салады.
Жоба жүргізушісі – елімізге танымал актриса әрі блогер Моника Абдрахманова.
Еліміздегі бірегей бағдарламаның қызығынан қалыс қалғыңыз келмесе, 31 арна қосулы болсын!
Оқи отырыңыз: 31 арна жаңа жобаға қатысу үшін арулар арасында кастинг жариялайды