Бүгін, 30 шілде күні Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар 550 теңгеден сатылып жатыр. 

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазір Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы – 547,58 теңге, сату бағамы – 550,15 теңге. 

Ал Астана қаласында долларды орта есеппен 543,26 теңгеге сатып алып, 550,26 теңгеге сатып жатыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің 30 шілдеге белгіленген ресми доллар бағамы – 542,03 теңге.