Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510—516 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 30 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512,32 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,29 теңге. Еуро — 582,92.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро 583—587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,10—6,23 аралығында саудаланып жатыр.