"Қазгидромет" РМК синоптиктері 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік және орталық өңірлер (Астана, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау) 

Бұл аймақтарда қар жауып, боран соғады, кей жерде тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 22 желтоқсанда түнде 20-30° аяз, күндіз 7-15° аяз болады.

Шығыс өңірлер (ШҚО, Абай облысы)

Қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде қар қалың түседі. Жел 9-14 м/с, жекелеген аудандарда 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 15-25° аяз, күндіз 7-15° аяз, 23 желтоқсанда кей өңірлерде 3–8° аязға дейін жұмсарады.

Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе)

Батыс аймақтарда қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей өңірлерде боран соғады. Жел 15-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-15° аяз аралығында, күндіз 2° аяздан 8° жылуға дейін көтеріледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда)

Бұл өңірлерде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауып, таулы аймақтарда боран, тұман және көктайғақ болады. Алакөл маңында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы 0-20° аяз, күндіз 2° аяздан 8° жылуға дейін. Алматы мен Жетісу өңірлерінде қар жауады, оңтүстікте ауа райы салыстырмалы түрде жұмсақ болады.