3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,47 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,65 теңгеге арзандап, 528,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,47 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 527,04 теңгеден сатып алынады, 529,38 теңгеден сатылады. Еуро 607,90 – 612,54 теңге, ал рубль 6,44 – 6,56 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 526,33 теңгеден сатып алынады, 532,33 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 607,36 теңге, сату - 614,37 теңге. Ал рубль 6,38 - 6,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.