Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге қымбаттап, 538,54 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 537,76 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,51 теңгеден сатып алынады, 539,38 теңгеден сатылады. Еуро 625,48 – 629,56 теңге, ал рубль 6,58 – 6,70 теңге аралығында саудаланады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 535,99 теңгеден сатып алынады, 540,97 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 621,97 теңге, сату - 631,96 теңге, ал рубль 6,65 - 6,75 теңгеден саудаланып жатыр.