Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510–516 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 513,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 583,03.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро 581—586 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06-6,23 аралығында саудаланып жатыр.