Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,21 теңгеге арзандап, 530,15 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 535,83 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 528,17 теңгеден сатып алынады, 531,10 теңгеден сатылады. Еуро 612,26 – 618,39 теңге, ал рубль 6,52 – 6,65 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,14 теңгеден сатып алынады, 77,85 теңгеден сатылады.

Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 526,38 теңгеден сатып алынады, 532,60 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 608,15 теңге, сату - 616,27 теңге. Ал рубль 6,50 - 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.