Бүгін Алматы мен Атырауда ауа ластанатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

"Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы", – делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.