Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,16 теңгеге арзандап, 537,76 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 537,63 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,66 теңгеден сатып алынады, 539,46 теңгеден сатылады. Еуро 624,68 – 628,78 теңге, ал рубль 6,58 – 6,69 теңге аралығында саудаланады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 536,00 теңгеден сатып алынады, 540,99 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу 620,00 теңге, сату - 630,00 теңге, ал рубль 74,12 - 77,12 теңге аралығында саудаланып жатыр.