28 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 583—587 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513–519 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 28 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 584,82.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 583—587 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,08-6,24 аралығында саудаланып жатыр.