2022 жылғы 28 маусымнан бастап app.testcenter.kz сайтында ұлттық біліктілік тестілеуге өтініш қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ 11-29 шілде аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге қатыса алады:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
  • білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
     жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
  • білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
  • педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат – күндізгі, бакалавриат – қысқартылған, магистратура);
  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.

Оқи отырыңыз: "Өрлеу" бағдарламасы бакалаврда оқу үшін 10 грант ұсынады