Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 509—515 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 28 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512, 16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,39 теңге. Еуро — 580,94

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579, сату құны — 584.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 579 теңгеден сатып алынып, 586 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,29—6,49 аралығында саудаланып жатыр.