Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516—522 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,62 теңге. Еуро — 607,18

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 604 сату құны — 608.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 602 теңгеден сатып алынып, 608 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,51—6,62 аралығында саудаланып жатыр.