Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2 теңгеге арзандап, 533,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 535,99 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 534,81 теңгеден сатып алынады, 536,80 теңгеден сатылады. Еуро 620,30 – 624,87 теңге, ал рубль 6,56 – 6,66 теңге аралығында саудаланады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 533,80 теңгеден сатып алынады, 538,97 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 619,80 теңге, сату - 629,21 теңге, ал рубль 6,57 - 6,67 теңге аралығында саудаланып жатыр.