Бүгін Amanat партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында мәлімдеді.

Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.


Оқи отырыңыз: Adal және Amanat партиялары бірігеді


Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.