Қазақстандағы тағы бір ақылы жол болды. Ол – Қызылорда мен Арал арасындағы ұзындығы 455 шақырым болатын E38 трассасының бөлігі6 деп хабарлады Kolesa.kz көлік министрінің бұйрығына сілтеме жасап. Бұйрық 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жол тек автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Жеңіл автомобиль үшін трасса әзірге тегін.

Жол ақысының мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобус және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 0.8478 АЕК (3334 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 0.7205 АЕК (2833 тг).
  • 32 орынға дейінгі автобус және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 1.7145 АЕК (6741 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 1.4572 АЕК (5730 тг).
  • Орын саны 32-ден асатын автобус және 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 2.5623 АЕК (10 075 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 2.1777 АЕК (8563 тг).
  • 10-15 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 3.4290 АЕК (13 483 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 2.9144 АЕК (11 459 тг).
  • Тіркемесі бар ершікті тартқышты қоса алғанда, 15 тоннадан көп жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 4.2768 АЕК (16 816 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 3.6349 АЕК (14 292 тг).

Оқи отырыңыз: Алматыдан Ыстықкөлге қысқа жол: Қашан және кімнің қаржысына салынады