24 қыркүйектегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,11 теңгеге арзандап, 542,80 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 545,01 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,35 теңгеден сатып алынады, 544,32 теңгеден сатылады. Еуро 637,78 – 642,25 теңге, ал рубль 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Инфляция болжамы жаңартылды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтады
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 539,59 теңгеден сатып алынады, 544,60 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 635,53 теңге, сату - 643,56 теңге, ал рубль 6,37 - 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.