Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,98 теңгеге арзандап, 510,18 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 515,02 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 511,27 теңгеден сатып алынады, 513,58 теңгеден сатылады. Еуро 599,89 – 604,90 теңге, ал рубль 6,41 – 6,54 теңге аралығында саудаланады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 508,33 теңгеден сатып алынады, 515,33 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу – 599,25 теңге, сату – 609,25 теңге. Рубль 6,37 – 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.