Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,64 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы 531,96 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 536,08 теңгеден сатып алынады, 538,61 теңгеден сатылады. Еуро 627,12 –633,74 теңге, ал рубль 6,72—6,84 теңге аралығында саудаланады.

Астананың ақша айырбастау пункттерінде доллар 533,65 теңгеден сатып алынады, 542,12 теңгеден сатылады. Еуро 624,68— 634,68 теңге, ал рубльді сатып алу 6,76 теңге, сату — 6,92 теңге.