Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге арзандап, 538,11 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 538,53 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,28 теңгеден сатып алынады, 540 теңгеден сатылады. Еуро 623,59 – 627,41 теңге, ал рубль 6,51 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. 

Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 537,44 теңгеден сатып алынады, 543,44 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 622,53 теңге, сату - 630,55 теңге. Ал рубль 6,55 - 6,70 теңге аралығында саудаланып жатыр.