22 қаңтардағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 524–530 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 22 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 546,15.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527 теңге. Еуро 541—547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 530 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 549 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15-5,25 аралығында саудаланып жатыр.